ТӨЛЕБИДЕ ЕУРОПАЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ СҮТ ФЕРМАСЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР
Төлеби ауданында ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда. Зертас ауылында «AZIA MILK» тауарлы сүт фермасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Жоба – израильдік заманауи технологиялар негізінде толық автоматтандырылған. Жалпы 10 гектар аумақта орналасқан фермада 1 200 бас голштино-фриз сиыры бағылады. Еуропалық үлгідегі фермада салқындату және желдету жүйесі, метеостанция, жарық пен бейнебақылау орнатылмақ. Сондай-ақ, сүт жинау және өңдеу орталығы қарастырылған.
Жоба құны 1,3 млрд теңгені құрайтын фермада шаруашылық қалдықтарын қайта өңдеу де жоспарланған. Қазірдің өзінде 26 адамды жұмыспен қамтып отырған жоба іске қосылған соң 50 адамға тұрақты қызмет ұсынбақ.
Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құрылыс алаңында болып, жобаға жан-жақты қолдау болатынын жеткізді. Ферма 2027 жылы толық іске қосылады деп жоспарлануда.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
——————
В ТОЛЕБИ СТРОЯТ МОЛОЧНУЮ ФЕРМУ ЕВРОПЕЙСКОГО ОБРАЗЦА
В Толебийском районе реализуется крупный инвестиционный проект. В селе Зертас активно идет строительство молочно-товарной фермы “AZIA MILK”.
Проект полностью автоматизирован на основе современных израильских технологий. На ферме, расположенной на общей площади 10 гектаров, содержится 1 200 голов голштейно-фризской коровы. На ферме европейского типа будут установлены система охлаждения и вентиляции, метеостанция, освещение и видеонаблюдение. Также предусмотрен центр сбора и переработки молока.
На ферме стоимостью 1,3 млрд тенге планируется переработка хозяйственных отходов. После запуска проекта, который уже обеспечивает работой 26 человек, планируется предоставить постоянные услуги 50 человек.
Аким района Еркегали Алимкулов посетил строительную площадку, где отметил всестороннюю поддержку проекта. Планируется, что Ферма будет полностью запущена в 2027 году.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1037169?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ