ШАРДАРА: ЕГІС АЛҚАПТАРЫНА СУ ЖЕТКІЗУ МӘСЕЛЕСІ АУЫЛ ӘКІМІНІҢ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУЫНДА

Опубликовано:

Автор:

в категории
Ауыл шаруашылығы — ауыл экономикасының негізгі тірегі. Осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізу мақсатында Қоссейіт ауылының әкімі Жайнар Нұрбол Жарылқасынұлы жергілікті шаруа қожалықтарының егіс алқаптарына су жеткізу барысымен танысып, шаруалармен кездесулер өткізді.
Кездесу аясында ауыл басшысы су жеткізу арналарының техникалық жай-күйін және су алу көздерінің жеткіліктілігін жеке аралап көріп, нақты жағдайды көзбен көрді. Өз кезегінде шаруалар егін суару кезінде туындайтын қиындықтар мен ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, су көлемінің жеткіліксіздігі, су тапшылығы жағдайында үнемдеу қажеттілігі өзекті мәселелер қатарында көтерілді.
Ауыл әкімі қазіргі таңда су деңгейі тиісті мөлшерге көтерілгенін айтып, су мұрабтарға тиімді кезекпен су жеткізу жүйесін ұйымдастыруды және суару процесін бақылауда ұстауды тапсырды. Сонымен қатар, болашақта суды тиімді пайдалану бағытында су үнемдеу технологияларын енгізу қажет екенін баса айтты.
— Шаруаның еңбегі — ел ырысы. Сондықтан су жеткізу мәселесін жүйелі түрде шешу — әкімдіктің басты назарында. Ауылдағы әрбір еңбек иесінің бейнеті ескерусіз қалмайды, — деді Жайнар Нұрбол Жарылқасынұлы.
Қоссейіт ауылдық округі әкімдігі алдағы уақытта суармалы жерлердің тиімділігі мен өнімділігін арттыру үшін тиісті мекемелермен бірлесіп, кешенді шаралар қабылдайтын болады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1036788?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *