Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАҒАЖАЙДА ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ
✔️Шардара – тек экономикалық емес, туристік әлеуеті жоғары аудан. Сондықтан мұндағы әрбір нысан мен табиғи аймақты тәртіпке келтіру – ортақ міндет. Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов аймаққа арнайы барып, Шардара жағажайы маңында атқарылып жатқан жұмыстарды тексерді.
✔️Халықтың жаз мезгілінде жиі демалатын орнына айналған жағажай маңы тазартылды. Қауіпсіздік қызметі күшейтіліп, кезекші құтқарушылар жұмысы жолға қойылды. Суға жақын орналасқан сәкілер толығымен жағалаудан 50 метр қашықтыққа алшақтатылып, суға шомылу аймағында көліктердің қозғалысы шектелді. Бұл шаралар демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жағажай инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған. Қазіргі таңда шомылу аймағы кеңейіп, тазартылып, азаматтарға жайлы әрі қауіпсіз демалыс орнына айналып отыр.
✔️Облыс әкімінің бірінші орынбасары жауапты сала өкілдері мен кәсіпкерлерге жағажай демалушыларына қолайлы жағдай жасап, жуынатын орынды, әжетхана мәселесін, тазалық шарасын дұрыс үйлестіруді тапсырды.
✔️Аталған жұмыстар облыс әкімдігінің қатаң бақылауында және жазғы шомылу маусымы бойы үздіксіз мониторинг жүргізіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
——————
ТУРКЕСТАН: НА ПЛЯЖАХ ШАРДАРЫ УСИЛИЛИ БЕЗОПАСНОСТЬ И ОБЕСПЕЧИЛИ ЧИСТОТУ
✔️Шардара – район не только с высоким экономическим, но и туристическим потенциалом. Поэтому приоритет отдается приведению в порядок каждого объекта и природной зоны. Первый заместитель акима Туркестанской области Зулфухар Жолдасов посетил район и проверил работу, проводимую на пляжах Шардары.
✔️Территорию пляжей расчистили, усилили службу безопасности, наладили работу дежурных спасателей. Торговые ларьки, расположенные близко к воде, отодвинули от берега на расстояние 50 метров. Движение транспорта в зонах купания ограничено. Эти меры направлены на обеспечение безопасности отдыхающих и улучшение пляжной инфраструктуры. Зоны купания расширяются, очищаются и становятся комфортными и безопасными местами отдыха.
✔️Первый заместитель акима области поручил ответственным представителям отрасли и предпринимателям создать благоприятные условия для пляжного отдыха и поддерживать территории в чистоте. Данные работы находятся под строгим контролем акимата области, ведется непрерывный мониторинг в течение летнего купального сезона.
Пресс-служба акима Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1036351?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *