ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАДА КӨШ БАСТАДЫ
2025 жылдың алғашқы бес айының қорытындысымен Түркістан облысы экономикалық өсім қарқыны бойынша елімізде көш бастады. Өсім көрсеткіші 120,4%-ды құрап, өңірдің барлық негізгі салаларында оң динамика байқалды.
Экономиканың негізгі секторларындағы көрсеткіштер:
– Өнеркәсіп өндірісі көлемі – 593 млрд теңге (+14,8%);
– Ауыл шаруашылығы – 194,3 млрд теңге (+6,3%);
– Құрылыс жұмыстары – 117,4 млрд теңге;
– Сауда айналымы – 269,7 млрд теңге;
– Көлік және логистика саласы – 209,3 млрд теңге;
– Байланыс қызметтері – 4,9 млрд теңге;
– Пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 306,1 мың шаршы метр.
Бұл көрсеткіштер Түркістан облысының экономикасы әртараптанып, бірқатар салаларда тұрақты және қарқынды даму жолына түскенін көрсетеді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1036165?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ