ШАРДАРА: “МИОКАРД ИНФАРКТІСІНЕН КЕЙІНГІ ФИЗИКАЛЫҚ КАРДИОРЕАБИЛИТАЦИЯ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
2025 жылғы 15 шілде күні Шардара ауданындағы “Қасиет” әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы КММ-сінің мейірбике маманы Копжасарова Кульсана жұмыс жоспарына сәйкес, орталықтың қызмет алушыларына арнап “Миокард инфарктісінен кейінгі физикалық кардиореабилитация” тақырыбында ақпараттық лекция өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты:
Жүрек бұлшықетінің қалпына келуін жеделдету;
Қызмет алушылардың физикалық төзімділігін арттыру;
Қайталап инфаркт болу қаупін төмендету;
Өмір сүру сапасын жақсарту;
Пациенттің өзін-өзі бағалау деңгейін көтеру.
Миокард инфарктісінен кейінгі кардиореабилитация – бұл жүрек-тамыр жүйесін күшейтуге және өмір сүру ұзақтығын арттыруға бағытталған кешенді шара. Лекция барысында қатысушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, маман оларға жан-жақты жауап берді.
Мейірбике өз сөзінде кардиореабилитация үдерісінің нәтижелі болуы үшін дәрігер, пациент және оның отбасы мүшелерінің тығыз байланыста жұмыс істеуінің маңыздылығына ерекше тоқталды.
Іс-шара жылы атмосферада өтті және қатысушылар тарапынан оң пікірлерге ие болды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1035739?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *