2025 жылғы 13 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан қала, кент және ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау науқаны аясында Шардара ауданында екі ауылдық округтің әкімі сайлауы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, талапқа сай өткізілді.
Сайлау нәтижесінде:
Жаушықұм ауылдық округінің әкімі болып – Құдайбергенов Ерболат Ералыұлы сайланды;
Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі болып – Бейсенов Сержан Зұлхарнайұлы сайланды.
Ел сеніміне ие болған жаңа әкімдерді Шардара ауданы әкімінің орынбасарлары Бейсенбай Төребеков пен Жұмасұлтан Бердешов арнайы барып, ауылдық округтердің ұжымына ресми түрде таныстырды.
Салтанатты рәсім барысында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серік Көшалиев сайлау қорытындысы негізінде қабылданған шешімге сәйкес жаңадан сайланған әкімдерге қызметтік куәліктерін табыстады.
Сондай-ақ, “AMANAT” партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Ережеп Бекет партия атынан сөз сөйлеп, сайланған әкімдерге ізгі тілектерін білдіріп, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасарлары Бейсенбай Төребеков пен Жұмасұлтан Бердешов жаңадан сайланған әкімдердің халық мүддесі жолында адал қызмет атқарып, ел игілігі үшін аянбай еңбек ететініне сенім білдірді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1035742?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ