
Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын арттыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін көтеру мәселесі ел Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында айрықша маңызға ие. Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 110-ға жуығы аудан деңгейде көрсетілуде.
«Шардара аулданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан аудан көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.
Атап айтқанда: «Шардара аулданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі тарапынан Шардара ауданы әкімінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №2-80ө өкімінің қосымшасына сәйкес, бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына мемлекеттік бақылау субъектілерінің заңнамасының талаптарын сақтауы тұрғысынан Алатау батыр ауылдық округі, Қызылқұм ауылдық округі, Жаушықұм ауылдық округі, Шардара қаласы әкімі аппараттарына, Шардара аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Шардара аудандық экономика және қаржы бөліміне бекітілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізілді.
Аталған мемлекеттік органдарға ішкі бақылау жүргізілген мерзімдерінде Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығына сай, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері туралы актілері жазылып, ұсыныстар енгізілді.
Бұдан бөлекте, жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерге қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнай стенділерге ілінген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері мен қағида талаптарын жаңартуды, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапалы және уақтылы көрсетілуі керектігін, мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарын сақтау туралы қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
2024 жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңға көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді.
Енгізілген өзгертулерге сәйкес, қызмет алушылардың құқықтары бұзылған жағдайда олардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қайта жүгіну қажеттілігінсіз, яғни қайта өтініш беруінсіз олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру тетіктері пайда болды.
Өз кезегінде, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 5-бабына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге міндетті.
Айта кету қажет, лауазым иелерінің азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапасыз ұсынуы, мерзімінде ұсынбауы, негізсіз бас тартуы, әуре-сарсаңға салуы, олардың мемлекеттік ұйымдар мен қызмет көрсетуші мекемелерге деген сенімсіздігін тудыруы мүмкін.
Осы орайда, әр азаматқа мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңнамаларға сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілуі біздің басты мақсатымыз болып табылады.
Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда «Шардара ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Шардара қаласы, Төлеби көшесі №40Б ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» арқылы жүгіне аласыздар.
Шардара ауданы
әкімінің көмекшісі Е.А.Абдразахов
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1035733?lang=kk
Добавить комментарий