ҚОССЕЙІТТЕ АУЫЗ СУ ТОРАБЫ ЖАҢАРТЫЛУДА: ТҰРҒЫНДАР ҮШІН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгінгі таңда Қоссейіт ауылында халықтың тұрмыс сапасын арттыру бағытында маңызды қадам жасалуда. Ауыз су торабына қайта құрылымдау жұмыстары басталды.
Бұл жоба — Мемлекет басшысының «Халық игілігі үшін» бағытталған тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамассыз ету бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Ауыл тұрғындарын таза, үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету — біздің басты міндетіміздің бірі.
Қазіргі қолданыстағы ауыз су торабы ескіріп, жиі істен шығатын. Енді бұл мәселе толықтай шешіледі деп күтілуде. Жобаға бюджеттен 556 685 000 тенге бөлінген. Жұмыстар 2026 жылға өтпелі.
Жаңарту жұмыстары барысында:
– жаңа су ұңғымалары қазылады,
– су жинау және тарату жүйелері жетілдіріледі,
– барлық желілер заман талабына сай модернизацияланады.
Бұл жұмыстар ертеңгі жарқын өмір үшін, ауылымыздың келешегі үшін қолға алынуда. Қоссейіт ауылы әкімдігі тарапынан жұмыс барысы қатаң бақылауда болады. Құрылыстың сапасы мен мерзімінде аяқталуы басты назарда.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1035735?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version