Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 6,2%-ға өсті

Қазақстан экономикасы осы жылғы қаңтар-маусым айларының қорытындылары бойынша 6,2%-ға жетіп, оң өсімді көрсетуде, деп хабарлайды Ukimet телеграм арнасы.

Бұл қарқын алғашқы бес айға қарағанда 0,2%-ға жоғары және соңғы 14 жылдағы ЖІӨ өсуінің ең жоғары көрсеткіші болып саналады. Салыстыру үшін, өткен жылдың ұқсас кезеңінде өсім 3,2%-ды құрады.

«Экономиканың нақты секторы +8% және қызмет көрсету саласы болды, ол 5,2%-ға өсті. Көлік (+22,7%) және құрылыс (+18,4%) салалары айтарлықтай үлес қосты. Сондай-ақ саудада жандану және тау-кен өнеркәсібінде тұрақты өсу байқалады (+8,4%). Өңдеу секторы 5,5%-ға, ал ауыл шаруашылығы 3,7%-ға өсті», – деді Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1034808?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *