Түркістан облысынан бастау алған республикалық «Ардагер өсиеті» жастар марафоны өз жалғасын Сайрам ауданында тапты.
Іс-шара ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы қолдауымен Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өтті.
Марафон аясында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Пердебек Сержанұлы және Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы орынбасары Алмас Бағдатұлы арнайы барып екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, өңірдің құрметті қариясы Анартаев Ахмеджан атамызға құрмет көрсетті:
Ардагерге марафонның арнайы хаты табысталды
Шапан жабылып, сый-құрмет көрсетілді
Жеміс-жидек себеті тарту етілді
Ардагердің жастарға арнаған өсиетін сақтау мақсатында естелік фотолар мен бейнежазбалар әзірленді.
Марафонның басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, ел тарихын дәріптеу, ерлік пен елдік рухты жаңғырту.
Айта кетейік, марафон еліміздің барлық өңірін қамтып, Астана қаласында қорытындыланады. Онда ардагерлердің жазбаша өсиет хаттары елордада сақтауға тапсырылады.
Ұлттық рухты қолдайық. Батырлар аманатына адал болайық!
Добавить комментарий Отменить ответ