ТҮРКІСТАНДАҒЫ «WOOSONG» УНИВЕРСИТЕТІНЕ 400-ДЕН АСТАМ ТҮЛЕК ҚҰЖАТ ТАПСЫРДЫ
✔️Түркістан қаласындағы Қазақ-Корей бірлескен «Woosong University Kazakhstan» оқу ордасы биылғы жаңа оқу жылында өз жұмысын бастайды.
✔️Қазіргі таңда ІТ университетінде талапкерлерді қабылдау жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде «Woosong » университетінде білім алуға еліміздің өңірлерінен және шет мемлекеттерден 414 түлек өтініш білдірген. Нақтырақ айтқанда, Астана қаласынан – 45, Алматыдан – 27, Атыраудан – 9, Ақтөбеден – 7, Қарағандыдан – 7, Шымкент қаласынан — 88 және Түркістан облысынан 186 жас осы университетте білім алуға ниетті. Қалған талапкерлер Тараз, Ақтау, Қызылорда, Петропавл, Семей, Өскемен, Орал және Талдықорған қалаларынан болса, Қарақалпақстан Республикасынан 1 талапкер, Ираннан 1 талапкер құжат тапсырған.
✔️Ақпараттық технологиялар университетінде жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау, бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша білім беру жоспарлануда.
✔️Бұл бастаманы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Түркістан облысы әкімдігі бірлесе жүзеге асыруда. Түркістан облысы әкімдігі тарапынан студенттердің ақысыз негізде білім алуына 100 грант бөлінді.
✔️Айта кетейік, құжаттарды қабылдау жұмыстары жалғасуда. Қабылдау комиссиясы Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде орналасқан.
📌Қосымша мәліметті +7 705 682 20 33, +7 777 013 02 07, +7 776 046 68 51, +7 776 046 68 53 телефон нөмірлеріне хабарласу арқылы білуге болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
____
БОЛЕЕ 400 ВЫПУСКНИКОВ ПОДАЛИ ДОКУМЕНТЫ В ТУРКЕСТАНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ WOOSONG
✔️Совместное казахско-корейское учебное заведение Woosong University Kazakhstan в городе Туркестане начнет свою работу в новом учебном году. Сейчас в IT-университете ведется работа по приему абитуриентов. На сегодняшний день на обучение в Woosong подали документы 414 выпускников из регионов страны и зарубежных стран. В частности, в университете намерены обучаться 45 выпускников школ из Астаны, 27 – из Алматы, 9 – из Атырау, 7 – из Актобе, 7 – из Караганды, из города Шымкент – 88 и 186 – из Туркестанской области. Остальные абитуриенты из городов Тараза, Актау, Кызылорды, Петропавловска Семея, Усть-Каменогорска, Уральска и Талдыкоргана, один абитуриент – из Республики Каракалпакстан, еще один – из Ирана.
✔️В университете информационных технологий планируется обучение по специальностям “Искусственный интеллект и анализ больших данных” и “Программное обеспечение”.
✔️Данная инициатива реализуется Министерством науки и высшего образования РК совместно с акиматом Туркестанской области. Акиматом области выделено 100 грантов на бесплатное обучение студентов.
✔️Работа по приему документов продолжается. Приемная комиссия расположена в многопрофильном комплексе «Конгресс-холл» города Туркестана.
📌За подробной информацией обращайтесь по телефонам +7 705 682 20 33, +7 777 013 02 07, +7 776 046 68 51, +7 776 046 68 53.
Пресс-служба акима Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1034272?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ