ШАРДАРАДА ФУТБОЛДАН ШОУ-МАТЧТЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойына орай, орталық стадионда футболдан бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және өнер адамдары арасындағы шоу-матчтың ашылу рәсімі өтті.
Спорттық шараның ашылу салтанатына Шардара ауданы әкімінің орынбасары қатысып, қатысушылар мен көрермендерді айтулы мерекемен құттықтады. Өз сөзінде ол салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту және өнер жұлдыздары арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Аталған шоу-матч – ауданның 60 жылдық мерейтойына арналған мәдени және спорттық іс-шаралардың бір бөлігі болып табылады. Жобаның мақсаты – жастарды спортқа тарту, бұқаралық ақпарат құралдары мен өнер адамдарының белсенділігін арттыру және тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері мен өнер жұлдыздары арасында достық кездесу басталды.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1033740?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version