2025 жылғы 12 шілде күні Түркістан облысы Шардара ауданындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында қала аумағында орналасқан қоғамдық орындар тазартылып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеме қызметкерлерімен қатар, спортшылар, еріктілер және жасөспірімдер белсенді қатысты.
Сенбілікке волейболдан облыс жүлдегері Бағдат Бақдәулет арнайы қатысып, жастарға арнап сөз сөйлеп, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен туған өлкемізді таза ұстаудың маңыздылығын атап өтті. Ол өз үндеуінде барша аудан тұрғындарын қоршаған ортаны аялауға, қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуға шақырды.
Іс-шара барысында қатысушылар табиғатқа жанашырлықпен қарау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әр азаматтың борышы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1034200?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ