Пайдалану орны бойынша салық органдарында есепке қоюға модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген техникалық жарамды бақылау–кассалық машиналар жатады. Бақылау–касса машиналарын салық органына есепке қою мынадай негіздердің бірі бойынша жүзеге асырылады:
1) фискалдық деректер операторының мәліметтері–деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау–кассалық машиналар бойынша;
2)Бақылау–касса машинасын салық органында есепке қою туралы – деректерді беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналары бойынша салықтық өтініш.
Бұл ретте деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау–касса машиналары туралы мәліметтерді фискалдық деректер операторы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен салық органдарына береді.
Аппараттық–бағдарламалық кешендерді қоспағанда, деректерді беру функциясы жоқ бақылау–касса машинасын салық органына есепке қою үшін мыналар ұсынылады:
1) бақылау–касса машинасын салық органына есепке қою туралы салықтық өтініш;
2) салық төлеуші туралы мәліметтерді қамтитын, фискалдық режимді орнатпай енгізуге болатын бақылау–касса машинасы;
3) нөмірленген, тігілген, салық төлеушінің қолымен және (немесе) мөрімен расталған қолма-қол ақшаны есепке алу кітабы және тауар чектерінің кітабы.
Деректерді беру функциясы жоқ аппараттық–бағдарламалық кешен болып табылатын бақылау–касса машинасын есепке қою кезінде салық органына мынадай құжаттар ұсынылады:
1) бақылау–касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтініш;
2) Аппараттық–бағдарламалық кешеннің функционалдық мүмкіндіктері мен сипаттамаларының қысқаша сипаттамасы;
3) аппараттық–бағдарламалық кешен моделін салық органында есепке қою үшін мәлімделген “салық инспекторының жұмыс орны“ модулін пайдалану жөніндегі Нұсқаулық.
Бақылау–касса машиналарын есепке қою кезінде салық органы негіздердің бірі пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бақылау-касса машинасының тіркеу нөмірін беруді және тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында бақылау–касса машинасының тіркеу карточкасын қалыптастыруды жүргізеді.
Бақылау–касса машинасының тіркеу карточкасының, тауар чегінің, қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының және тауар чектерінің кітаптарының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-astana/press/news/details/1034260?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ