2025 жылғы 6 шілде күні Алматы қаласында, табиғаты көркем Медеу мұз айдынында ұлттық қолөнерді ұлықтауға арналған ерекше көрме өтті. Бұл – белсенді қолөнер жанашыры, өнертанушы Нұргүл Абайханның бастамасымен жүзеге асқан “ALAMAN QURAQ-2025” жобасы аясындағы айтулы шара. Аталған жоба Гиннестің рекордтар кітабына енуге үміткер ретінде ұсынылып отыр.
Көрмеде 660 құрақ көрпеше мен ұлттық нақыштағы “Алма жастық” үлгілері қойылды.
Көрменің басты символына айналған – қызыл оюлы Алма жастық, Алматы қаласының рухани бейнесін паш етсе, республиканың түкпір-түкпірінен келген 660 құрақшы өз қолымен дайындаған көрпешелерін ұсынды. Олар ұлттық киім киіп, халқымыздың көне өнерін заманауи деңгейде танытты.
Шардаралық шеберлер де шет қалмады.
Жобаға Түркістан облысынан 100, оның ішінде Шардара ауданынан 18 құрақшы қатысты. Олардың қатарында “Қасиет” әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының шебер аналары өз үлестерін қосып, шеберлік өнерлерін көрсетті. Атап айтқанда:
Тілегенова Қалдан
Ағманова Болсынай
Шәріпбай Айдана
Ибрагимова Оңласын
Дошимова Күнімхан
Ахатаева Ұлбосын
Қалубаева Ашіркүл
Сейдалиева Күлжиян
Бекполатова Сапаркүл
Қолөнер маманы – Сайдакбарова Наргиза
“Аламан құрақ” – бұл тек қолөнер көрмесі емес.
Бұл – ұлт рухының жаңғыруына бағытталған ірі мәдени бастама. Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық сананы тәрбиелеу, дәстүр мен өнерді ұштастырып, ата-бабадан қалған рухани мұраны келер ұрпаққа аманаттау.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1034355?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ