Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы Ә. Қуатбеков Сарыарқа көшесі тұрғындарының шағымына байланысты барып, кездесу өткізді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Тұрғындар көршілерінің қала ішінде заңсыз мал ұстауына, санитарлық талаптарды сақтамайтынына шағым білдірді. Сондай-ақ кездесуге келген азаматтар көше жарығының жанбауы, электр бағаналарының болмауы, көше атауының болмауы, жол жиегіндегі шөптердің шабылмауы, дезинсекция жұмыстарының уаөытында жүргізілмеуі, зауыттан шығатын жағымсыз иіс және т.б. мәселелерді көтерді.

Азаматтардың шағымдарымен танысқан мәслихат төрағасы Әлихан Жұмаханұлы жауапты органдарға депутаттық сауалдар жолданатынын, кездесуде айтылған мәселенің оң шешімін тапқанша назарда болатынын жеткізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1032612?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *