Гранитный ауылының тұрғындарымен кездесу

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылдың 10 шілдесі Зеренді ауданының әкімі Ә. Құрманғожин Гранитный ауылының тұрғындарымен және тау-кен өндіруші кәсіпорындардың өкілдерімен кездесу өткізді. Іс-шараға Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы В. Кулаков пен жол бақылау инспекциясы басышысының орынбасары да қатысты.

Кездесу барысында В. Кулаков ағымдағы жылдың 25 тамызынан бастап жол жөндеу жұмыстары басталатынын хабарлады. Сонымен қатар, жол бақылау инспекциясы жетекшісінің орынбасары жергілікті тұрғындарға бұл учаскедегі жол қозғалысы апталық мониторингтен өтетінін айтты.

Кездесуден кейін аудан әкімі ауыл тұрғындарымен бірге канализация жүйесін жөндеу жұмыстары аясында жүргізілген абаттандыру жұмыстарын қарап шықты және кепілдік мерзімі ішінде жұмыстарды орындау үшін Зеренді ауданының Құрылыс бөліміне тиісті тапсырмалар берді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1032872?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version