Шымкент қаласында «Ansar Gold»
қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды
ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті «Ansar Gold» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға 5 ай ішінде салынған қаражаттың 40–60%-ы көлемінде ай сайын табыс түсетінін және негізгі капиталдың сақталуына кепілдік берілетінін уәде еткен.
Алайда, іс жүзінде төлемдер тауар сатуынан түскен табыстан емес, жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.
Нәтижесінде бұл қаржы пирамидасына 200-ден астам адам тартылып, 400 миллион теңгеден астам қаражат салынған.
Сонымен қатар, күдіктілер өздерінің туыстарын “дроп” ретінде тартып, олар арқылы басқа қатысушылардан түскен ақшаны қолма-қол шешу үшін олардың банк карталарын пайдаланған.
Қаржы пирамидасын ұйымдастырушы қамауға алынды.
Қазіргі уақытта оған тиесілі автокөлік пен тұрғын үйге шектеу қойылды.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
В г.Шымкент пресечена деятельность
финансовой пирамиды «Ansar Gold»
Департаментом АФМ по г.Шымкент пресечена деятельность финансовой пирамиды «Ansar Gold».
Позиционируя себя компанией по продаже ювелирных изделий, подозреваемые обещали вкладчикам ежемесячный доход в размере 40-60% от вложенной суммы в течение 5 месяцев, а также гарантировали сохранность основного капитала.
Однако фактически выплаты производились не из прибыли от продаж, а за счет вкладов новых участников.
В результате в финансовую пирамиду привлечено свыше 200 участников, которые вложили более 400 млн тенге.
Кроме того, подозреваемые привлекали родственников в качестве дропов, используя их банковские карты для обналичивания денег, поступивших от других участников схемы.
Организатор финансовой пирамиды помещена под стражу.
В настоящее время наложены ограничения на принадлежащие ей автомобиль и жилой дом.
Иная информация в соответствии со статьей 201 УПК РК не подлежит разглашению.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-alm/press/news/details/1030091?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ