QYZYLORDA: «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТРИГГЕРЛЕРІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Сыр Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» ХХІ ғасырдың қаржылық триггері» тақырыбында республикалық форум өтті.

Алқалы жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, әлеуметтік желінің «жұлдызы» атанған Нұрлан имам, үш дүркін алтын домбыра иегері Мұхтар Ниязов және зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиында аймақ басшысы қаржылық қауіпсіздік пен оның алдын алу бағытында департаментпен бірлесе атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы бірлескен маңызды міндеттерді айқындады.

Басқосуда аймақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиев жыл көлемінде атқарылған жұмыстар жайын баяндаса, белгілі имам Нұрлан Байжігітұлы лудомания тақырыбында сөз қозғады. Ал, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов дропперлер жайында халыққа ақпараттар ұсынды.

Форум аясында қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізуге үлес қосқан сала мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

 

 

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1030291?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *