ҚЫЗЫЛОРДА: Ашық есік күні

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заң мен Тәртіп» нарративін ілгерілету аясында «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті. Оған ардагерлер, журналистер, белсенді жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шараның басты мақсаты – қоғаммен ашық әрі сенімді байланыс орнатып, департаменттің қызметі, міндеттері және заманауи тәсілдерімен таныстыру. Қатысушылар интернет-алаяқтық, қаржы пирамидалары, «дропперлік» қылмыстар сынды жаңа сипаттағы қаржылық құқықбұзушылықтармен күресте қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдер туралы тың ақпарат алды.

Бас қосуда облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департамент басшысының орынбасары Руслан Нұрланұлы сөз сөйлеп, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай БАҚ өкілдеріне алғыс айтып, марапаттар табыстады. Сондай-ақ талдау әзірмелеу бөлімінің басшысы Қайрат Ахметов презентация жасап, бейнематериал көрсетті. Онан бөлек сала ардагерлеріне сөз беріліп, олардың пікірлері тыңдалды.    

Шара барысында қатысушыларға арналған шағын интерактивті ойын ұйымдастырылып, қаржылық сауаттылық тақырыбына арналған аналитикалық, практикалық және мотивациялық сұрақтар қойылып, қатысушылар пікірталасты.

Кеш соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғыс айтып, қоғамның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі бұқаралық ақпарат құралдарымен және жастармен бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екендерін білдірді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1030289?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version