
ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің жоспарына сәйкес «АФМ спортты қолдайды!» ұранымен республика аумағын түгел қамтыған акция бүгін Сыр өңірінде де жоғары деңгейде аталып өтті. Қаржылық мониторинг агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен бұл күні Ботаникалық бақта түрлі спорттық сайыстар өткізілді.
Шараның салтанатты ашылуында Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес, облыстық спорт және туризм басқармасының басшысы, бокстан олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев, бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы Нұрсұлтан Алтынбек қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Бүгінгі спорттық мереке — тек жарыс емес, тәртіп пен әділдікті, достық пен табандылықты насихаттайтын шара. Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Заң мен Тәртіп» жобасы аясында өткізіліп отыр. Осындай шарамызға қолдау көрсеткен Қаржы мониторингі агенттігінің Төрағасы Жанат Қалдыбекұлына, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлына және барлық ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін!, – деді Аслан Кеңесұлы.
«Заң мен Тәртіп» нарративін ілгерілету мақсатында ұйымдастырылып жатқан бұл спорттық шараға департаменттің қызметкерлері қатысты. Олардың басым бөлігі — жастар. Қатысушылар білек күші мен гір көтеру, арқан тарту және топтық ойындар бойынша сайысқа түсті.
Спорт бәсекесінде бәсі басым болғандар жарыс қорытындысы бойынша алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, аймақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменттің ұйымдастыруымен маусым айының соңына дейін «Заң мен Тәртіп» нарративін ілгерілету аясында қаламызда түрлі іс-шаралар өткізілмек.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1030287?lang=kk

Добавить комментарий