ШАРДАРА: АЛАТАУ БАТЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ “БІЗ ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚТЫ ТАҢДАЙМЫЗ” ТАҚЫРЫБЫНДА ТУРНИР ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
2025–2030 жылдарға арналған «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында өткізілетін апталық іс-шаралар шеңберінде “Жарқын болашақ баршамызға бір” тақырыбына орай, Шардара ауданында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында кіші футболдан турнир өтті.
Аталған спорттық шара «Есірткісіз болашақ» ұранымен ұйымдастырылып, оған аудан бойынша 7 командадан құралған 80-ге жуық жасөспірім қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларды марапаттау рәсіміне Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б. Ережеп, «Шаңырақ» жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Байзахова Сәбира, сондай-ақ Алатау батыр ауылдық амбулаториясының мейіргерлері Тұрлыбаева Үміт пен Түркменбаева Зоя қатысты.
Олар қатысушыларға жылы лебіздерін білдіріп, жастарды зиянды әдеттерден алшақ болып, спортты серік етуге шақырды.
Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар:
🥇 1-орын – С. Кәттебеков командасы
🥈 2-орын – Қазақстан ЖББ мектебі
🥉 3-орын – Жас Қыран командасы
Аталған іс-шараның мақсаты жастардың бос уақытын тиімді өткізуге, спорт арқылы бірлік пен достықты нығайтуға және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1029290?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *