
Ауданда жастардың нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы иммунитетін қалыптастыру мақсатында бір ай бойы өткізілген кешенді іс-шаралар өз мәресіне жетті.
Қорытынды шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова қатысып, есірткіге қарсы күресте белсенділік танытқан құқық қорғау органдарының, медицина, білім, спорт, мәдениет, кітапхана және жастар саласының қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстап, құрмет көрсетті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1029223?lang=kk

Добавить комментарий