АЛАТАУ БАТЫР АУЫЛЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ ҒИМАРАТЫНДА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ 95%-ҒА АЯҚТАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
2025 жылғы 26 маусым күні аудан әкімі Арман Қарсыбаев Алатау батыр ауылдық округінде орналасқан «Қазақстан» бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығы ғимаратындағы күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аталған нысан – «Шардара аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты, 1980 жылы типтік жобамен салынған медициналық мекеме.
2025 жылғы 29 қаңтарда мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, 10 ақпандағы қорытынды хаттама негізінде «Trendim KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз деп танылып, тиісті келісімшарт жасалған болатын.
Күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылдың 10 наурызында басталып, қазіргі уақытта олардың 95 пайызы аяқталған.
Сапар барысында аудан басшысы нысандағы жұмыс қарқынына оң бағасын беріп, тиісті бөлім басшыларына жөндеу жұмыстарын сапалы әрі қысқа мерзімде толық аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, жобаның тиімді әрі уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1029220?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *