ЖАУАПТЫЛАРҒА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЙЕЛІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

    Бүгін Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы көгалдандыру жұмыстарының барысын қадағалап, Темір ауылындағы әлеуметтік нысандарды аралады.

    Алдымен аудандағы көгалдандыру жұмыстарын жандандыру мақсатында арнайы дайындалған тұқымбақта болып, көшеттерді күтіп-ұстау жұмыстарымен танысты. Жауапты мамандармен кездесіп, көшеттердің өнімділігін арттыру мәселесін талқылады. Тұқымбақ жұмысы барлық қағидаға сәйкес жүргізілуі керектігін айтқан аудан әкімі жергілікті жерге жерсінетін көшеттерді егуді, егілген көшеттерді суғару жүйесін жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

    Сондай-ақ, Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің жұмысымен танысып, ондағы техникалардың дайындығын пысықтады. Сала мамандарына жас көшеттерді егу, оларды суғару, қоршау секілді мәселелердің маңыздылығын айтып, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды жүктеді.

    Мұнан соң Темір ауылындағы жасыл аймаққа болып, елді мекенді көгалдандыру жұмыстарының барысын көрді. Аталған аймақтағы көшеттерді күтіп-ұстау жұмыстарына көңілі толмайтынын айтқан аудан әкімі жауаптыларға көшеттердің өнімділігін арттыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.

    Одан әрі «Темір жол» бекеті маңындағы абаттандыру жұмыстары мен елді мекендегі ойын алаңшаларының құрылыс жұмыстарының барысын қадағалады. Мердігер мекемелердің өкілдерімен кездесіп, құрылыс жұмыстарын сапалы әрі бекітілген талапқа сәйкес жүргізу керектігін ескертті. Балалардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған мұндай жобалардың маңызын айтқан аудан әкімі жауапты сала орынбасарына аталған жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1028337?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version