ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙДЕ ҰОС АРДАГЕРІНЕ АРНАЛҒАН БҰРЫШТАМА АШЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлы Отан соғысының ардагері Серікбай Абдіқұловтың ерлігін ұлықтауға арналған «Ардагерлерді ардақтайық» атты экспозициялық бұрыштама ашу рәсімі өтті.
 
Серікбай Абдіқұлов 1941 жылы майданға аттанып, 1943 жылы ауыр жарақат алып елге оралады. Тылда аянбай еңбек еткен азамат өз қаражатынан 100 мың сом жинап, оны соғысқа көмек ретінде орталық Коммунистік партияға жібереді. Оның бұл патриоттық әрекеті елеусіз қалмай, КСРО басшысы И.В. Сталиннің КСРО жоғары кеңесі президиумының председателі Молотовтың атынан қол қойылып, алғыс айтылған телеграмма келеді.
 
Бүгінде ардагердің қызы Феруза Серікбайқызы әкесінің сол кездегі азаматтығын паш етіп, музей қорына Сталиннің алғыс хатының көшірмесін табыстап отыр. Осы тарихи құжат негізінде музейде арнайы бұрыштама ұйымдастырылып, келушілерге соғыстағы және тылдағы ерлікке толы тағдырлар туралы тағылым бермек. Бұл тарихи сәт — майданда ерен еңбегі сіңген батырымыздың көпшілікке танылған сәті. Біздің болашақ ұрпағымыз Қажымұқан Мұңайтпасұлымен қатар Серікбай Абдіқұловты да жете танып, оның өмір жолын, сіңірген еңбектерін дәріптейтін болады.
 
Іс-шара барысында музей қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері ардагердің өмір жолы мен елге сіңірген еңбегі жайлы естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеудің маңыздылығы туралы ой өрбітті.
 
Іс-шара ҰОС ардагері, тыл ардагері Серікбай Абдіқұловтың қызы Феруза Серікбайқызы, Қаратау аудандық ардагерлер кеңесінің ардагерлері және 6506 әскери бөлімінің сарбаздарының қатысуымен өтті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/1028199?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *