
Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 тергеу мекемесінде Ұлттық домбыра күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бұл күні мекеме қызметкерлері қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеп, рухани тәрбиеге мән берді.
Шара барысында ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттау мақсатында домбыра аспабында күйлер орындалып, қазақтың атақты композиторларының шығармалары шырқалды.
– Ұлттық домбыра күні – халқымыздың рухани байлығы мен өнерін дәріптейтін ерекше күн. Біз бұл мереке арқылы тәрбиелік, мәдени маңыздылығы жоғары іс-шаралар ұйымдастыруға тырысамыз, – деді мекеме бастығы.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisaktobe/press/news/details/1028286?lang=kk

Добавить комментарий