Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Индер, Махамбет, Құрманғазы және Исатай аудандық жедел штабтарымен өткізілген жедел-тактикалық оқу-жаттығулар туралы

Опубликовано:

Автор:

в категории

ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Индербор-Антитеррор-2025»,«Махамбет-Антитеррор-2025», «Құрманғазы-Антитеррор-2025» және «Аққыстау-Антитеррор-2025» жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізілді.

Индер, Махамбет, Құрманғазы және Исатай аудандық жедел штабы құрамына кіретін мемлекеттік органдары қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге қарсы тұру деңгейін тексеру.

Оқу-жаттығу барысында шынайы қауіптерді модельдейтін сценарийлер егжей-тегжейлі әзірленіп, оған қатысушылардың барлығы жылдам әрекет етуді және үйлестірілген жұмысты қажет етеді.

Іс-шара террористік акт жасалу кезде немесе жасалу қаупі бар жағдайларда міндеттерді орындауға дайындығын көрсетті.

Индер, Махамбет, Құрманғазы және Исатай аудандық жедел штабы құрамына кіретін мемлекеттік органдарының қызметкерлері әртүрлі жағымсыз сценарийлер бойынша террористік әрекеттерге жауап беруде практикалық тәжірибе мен дағдыларды жинады.

Терроризмге қарсы жедел-тактикалық оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттеріне толық көлемде қол жеткізілді және пысықталды.

 

ҚР ҰҚК Атырау облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1027138?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version