Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен “Жәрдем-Атырау” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Атырау облыстық сотының мамандарына “Терроризм мен экстремизмнің алдын алу” тақырыбында ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті. Жиын алаңына онлайн форматта аудандық сот өкілдері де қатысты. Кездесуде 50 адам қамтылды.
Кездесу барысында “Жәрдем-Атырау”корпоративтік қорының теологы, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Арман Урумбаев діни экстремизмнің қоғамға тигізетін қауіптілігі, оның елдің санасын улаудағы тәсілдері туралы айтып өтті. Ол діни сауаттылықты арттырудың маңызды екенін айтып, дұрыс ақпарат көздерінен білім алуға шақырды.
Атырау облысының Терроризмге қарсы комиссиясы
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1027147?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ