Радикалды экстремизм туралы полицейлерге дәріс берілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының жеке құрамы арасында ағымдағы жылдың 17 маусымында «Білім және жаңа инновациялық технологиялар» орталығы радикалды экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дәріс өткізді.

Дәріс барысында Алматы қаласы ТҚО бөлімінің қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі исламтанушы Нұрлан Мырзабаев радикалды діни ағымдардың белгілері мен сол дінді ұстанушылардың әдеттері жайлы лекция оқыды.

Сонымен қатар, лекция барысында экстремистік идеялардың таралуы, ұлттық және діни құндылықтардың өзара байланысы туралы кеңінен әңгімелеп, халықтың жалпы мәдениеті мен білімін, оның ішінде конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету үшін отбасында құқықтық сана мен толерантты дәстүрлерді арттырудың маңыздылығы аталып өтілді, жеке құрам арасындағы дәріс кезінде көліктегі полиция департаменті ЭҚІҚБ бастығы Д.М. Діркенов та сөз сөйлеп, аталған тақырыптың көліктегі полиция қызметкерлері үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сарапшылар дәріс соңында жеке құрамның өзекті сұрақтарына жан-жақты жауап берді.

 

 ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің

Терроризмге қарсы орталық бөлімі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1027176?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version