
2025 жылғы 20 мамыр күні Кетпен ауылдық округінің әкімі Марат Нұрахметұлы ауыл тұрғындарымен ауыл шаруашылығы саласына қатысты ашық кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, мемлекеттік қолдаулар жөнінде ақпарат беру болды.
Кездесу барысында әкім округтегі егістік алқаптарды тиімді пайдалану, мал шаруашылығын дамыту жолдары, субсидиялар мен жеңілдетілген несиелерге қол жеткізу тетіктері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту, су ресурстарын тиімді басқару және аграрлық кооперативтер құрудың маңыздылығы сөз болды.
Ауыл тұрғындары өз ұсыныстары мен проблемаларын ашық айтып, қажетті қолдау мен кеңестер алды. Әкім олардың әрбір сауалына нақты жауап беріп, көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/uigur-ketpen/press/news/details/1026761?lang=kk
Добавить комментарий