Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Сәтбаев қаласындағы «Ақбота» бөбекжайына жүргізілген мониторингті аяқтады.
Мониторинг заңнамада көзделгендей, жарғылық капиталындағы мемлекет үлесі 50%-дан асатын мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарға қатысты тәртіп бойынша жүргізілді.
Зерттеу нәтижесінде мекеме монополияға қарсы органның келісіміне өтініш бермегені анықталды. Сондай-ақ, бөбекжай өз қызметін Жарғыға сай және бәсекелестікті қорғау туралы заңнама талаптарына қайшы келмейтіні белгілі болды.
Мониторинг барысында заңбұзушылықтар анықталған жоқ.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-satpaev/press/news/details/1027158?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ