Ұлытау облысында деструктивті діни ағымдарға қарсы күрестің жаңа бағыттары белгіленді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ұлытау облысында діни экстремизм мен радикалдық идеологияның алдын алу мәселесіне арналған маңызды жиналыс өтті. Облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен өткен жиынға құқық қорғау органдары, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаменті, ішкі саясат бөлімдері және діни оңалту саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – радикалды діни ағымдардың ықпалындағы тұлғалармен жүргізіліп жатқан профилактикалық және оңалту жұмыстарының тиімділігін талдау, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арасындағы өзара үйлесімділікті күшейту болды. Қатысушылар радикалдық идеологияға төтеп беру жолдарын, зардап шеккен азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу шараларын жан-жақты қарастырды.

Жиында әрбір мекеме өз тәжірибесін ортаға салып, кездесулердің сапасын арттыру, тұлғалармен жеке жұмыс жүргізу әдістері мен әлеуметтік- психологиялық қолдау механизмдерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар айтты. Теолог мамандар мен құқық қорғау құрылымдарының тығыз ынтымақтастығы алдағы кезеңдегі басты басымдық ретінде белгіленді.

Сонымен бірге, жиын соңында өңірде радикалды діни ағымдардың ықпалын төмендетуге бағытталған бірыңғай өңірлік бағдарлама әзірлеу туралы шешім қабылданды. Бұл бағдарлама алдын алу және оңалту шараларын жүйелендіріп, барлық мүдделі тараптардың іс-қимылын нақты үйлестіруге мүмкіндік береді. Құжат негізінде деструктивті идеологиямен күрес тиімділігі жаңа деңгейге көтерілмек.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалуы ай сайынғы және тоқсандық мониторингпен қатаң бақылауда болады.

Бұл бастама – өңірдің діни тұрақтылығын нығайтып, қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Мұндай жүйелі әрі кешенді жұмыс өңірдегі ұлттық қауіпсіздігін берік сақтауға өз септігін тигізетіні сөзсіз.

 

Материал Ұлытау облысы бойынша

ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1027183?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *