ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ТОБЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ОҚЫТУ СЕМИНАРЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Қызылқоға ауданында ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелеріне арналған семинар өткізілді.   «АТТ жұмысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу әдіс-тәсілдері» атты бұл іс-шараға 24 адам қатысты. Семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Семинардың басты мақсаты – ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің кәсіби біліктілігін арттыру, діни қауіп-қатерлердің алдын алуға бағытталған тиімді құралдар мен әдістерді талқылау және тәжірибе алмасу.

Іс-шараның ашылуында Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мусаев алғы сөз сөйлеп, діни тұрақтылықты сақтау жолындағы ақпараттық жұмыстың маңыздылығына тоқталды.

Семинар барысында «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қорының директоры Артур Айтмағамбетов ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізудің тетіктері мен қоғамдағы діни қауіптердің алдын алуда қолданылатын үйлесімді тәсілдер жайында өз пікірімен бөлісті.

Сонымен қатар, семинарға қатысқан «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» қоғамдық қорының басшысы Ербол Жаулин ақпараттық түсіндіру саласындағы азаматтық қоғам өкілдерінің рөлі мен тәжірибесі туралы ой қозғады.

          Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Нұргүл Қарабаева «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Ол жастар арасында жиі кездесетін психологиялық қиындықтар – күйзеліс, әлеуметтік оқшаулану, өзін-өзі зақымдау сияқты мәселелердің себептеріне тоқталып, оларды ерте анықтаудың және алдын алудың маңызды жолдарын түсіндірді.

«Шапағат» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының теологы, облыстық АТТ мүшесі Думан Күмісбек радикалды ағымдардың идеологиялық әдістері мен олардың қоғамға ықпалын нақты мысалдар арқылы түсіндірді. Ол дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттаудың тиімді жолдарына да тоқталып өтті.

Семинарда сөз алған «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры директорының орынбасары Мейірбек Құбышев әртүрлі аудандарда жүргізілген жобалар мен тәжірибелерді бөлісе отырып, ақпараттық жұмысты жергілікті ерекшеліктерге сай бейімдеудің маңыздылығын атап өтті.

Семинардың құқықтық бағытын «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ маманы Исатай Ғизатов жалғастырды. Ол діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары мен заңнамалық талаптарын түсіндіріп, қатысушыларға нақты мысалдар арқылы құқықтық аспектілерді жан-жақты жеткізді.

 

Атырау облысының Терроризмге қарсы комиссиясы

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1027142?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version