
Түркістан облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Ордабасы аудандық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті РММ-нің қызметкерлерімен және сотты болғандарға қатысты «Зайырлылық ұғымы» тақырыбында кездесу өткізілді.
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы-теолог маманы Ж.Жорабек арнайы қатыстырылған кездесуде зайырлылық, радикалды діни ағымдардың қауіптілігі және қауіпті діни уағызшылар туралы ақпарат берілді.
Кездесудің мақсаты – қалмыстық атқару жүйесі қызметкерлері мен сотты болғандар арасында діни сауаттылықты арттыру, діни экстремизм көріністерінің алдын алу және терроризмге жол бермеу арқылы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және дін саласында кездесетін негізгі проблемалар мен
Дінтанушы маман, «Көпұлттың басын біріктірген дархан даламызда ауызбіршілік, ынтымақ, бірліктің болуы, халқымыз бейбіт өмір сүруінің бірден-бір кепілдігі – зайырлылықты ұстану.
Қазіргі заманға сай зайырлы білім, зайырлылық қағидаттарын ұстану және заңға бағыну дінді терістемейтінін ұғынуымыз тиіс.
Әр ұлттың өз ерекшелігі мен ұстанымы, ұлты мен нәсіліне қарай өзіндік қалыптасқан мәдениеті мен салт-дәстүрі болады. Бізде өз заманымызда шет елдерден келетін өзге мәдениет көріністеріне ақыл парасат тұрғысынан қарау арқылы өз ұстанымымызға тиімді үйлесетін жерлерін ғана алуымыз керек. Бабаларымыздың даналық қағидасынан жеткен «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»,-деген нақыл сөзін жадымыздан шығармағанымыз жөн»,- деп атап өтті.
Кездесу соңында, қатысушылар семинардан алған пайдалы ақпараттары жайында өз пікірлерін айтып, ойлары мен сұрақтарын ортаға салып, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Жалпы кездесуге 70-тен астам қызметкерлер мен жазасын өтеушілер қатысты.
Материал Түркістан облысы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1027152?lang=kk
Добавить комментарий