СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВТІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қызылорда облысының ең шалғай елді мекендерінің бірі – Ақбасты ауылына орталықтандырылған ауызсу жүйесі жеткізілді. Өңірде ұзындығы 117 шақырым болатын магистральдық су құбырының құрылысы аяқталды.

Нұржан Нұржігітов «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының іске асырылу барысымен танысты.

Ведомство басшысы Жалағаш, Қазалы және Қармақшы аудандарының шаруаларымен кездесті. Диқандар министрліктен қосымша сорғылар сатып алуға көмек көрсетуді сұрады.

Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК-нің «Сыр суы» филиалына жаңа арнайы техникалардың кілттерін тапсыру рәсіміне қатысты. Жалпы алғанда, филиал 30 техника алды, енді қалған 5 техника биыл қыркүйекке дейін жеткізіледі.

Өңірге жұмыс сапарының қорытындысы бойынша министр Қызылорда облысының әкімдігінде өңірдің құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен судың «көлеңкелі нарығына» қарсы күрес мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1026003?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *