Шыңғырлау ауданының әкімі Мұрат Өмірәлиев жергілікті “Серпін” газетінің ұжымын қабылдап, оларды Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтады.
Кездесу барысында аудан басшысы өңірдің тыныс-тіршілігін шынайы әрі жедел түрде халыққа жеткізіп жүрген журналистердің еңбегіне жоғары баға беріп, олардың қоғамдағы орны мен рөлін атап өтті.
– Сіздердің қаламдарыңыз арқылы аудан өмірі көрініс табады. Ел мен билік арасындағы алтын көпір болып, жауапты миссия атқарып келесіздер. Еңбектеріңіз әрдайым ел игілігі үшін жұмсалсын, – деді аудан әкімі өз сөзінде.
Кездесу соңында редакция ұжымына естелік сыйлықтар табыстап, шығармашылық табыс тіледі.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-shyngyrlau/press/news/details/1026172?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ