Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Алматы қалалық жедел штабы топтарының дайындығын тексеруіне қатысты

Опубликовано:

Автор:

в категории

АҚЖШ-ның терроризмге қарсы күреске тұрақты дайындық деңгейін сақтау мақсатында, ағымдағы жылдың 11 маусымында Алматы қаласының мемлекеттік органдарының кезекші қызметтері, жедел топтары мен АҚЖШ мүшелерін автоматтандырылған ескерту жүйесін пайдалана отырып, тексеру жүргізілді.

Оқу дабылы бойынша тексеру барысында белгіленген жиналу орнына – іздеу, бақылау және айдауылдау топтарының жеке құрамы көтерілді.

 Аталған жеке құрамдарды тексергеннен кейін, терроризмге қарсы күрес жөніндегі НҚА-ді түсіндіру оқу сабағы ұйымдастырылды. 

Қатысушыларға НҚА-рі түсіндіріліп, террористік сипаттағы қатерлер мен террористік акт жасалған кездегі жедел топтардың мүшелеріне әрекет ету алгоритмі айқындалды.

Қатысушыларға террористік сипаттағы бастапқы ақпарат түскен кезде жедел топтардың әрекеттеріне, міндеттері мен функционалдық міндеттеріне қатысты сұрақтар қойылды. Алынған жауаптардан топ мүшелерінің өз міндеттері мен функциялары туралы толық түсінігі бар екендігіне қорытынды жасалды.

Іс-шараның соңында, топ басшыларына террористік сипаттағы қауіптерді бейтараптандыру үшін күштер мен құралдардың тұрақты дайындығын қамтамасыз ету бойынша АҚЖШ-ның терроризмге қарсы күрес басшылық нұсқаулары қосымша жеткізілді.

Жалпы жүргізілген теориялық сабақ топ мүшелерінің өз міндеттері мен функциялары туралы толық түсінікке ие екенін көрсетті. Мұндай іс-шаралар жедел топтардың ықтимал қауіптер мен терроризм актісінің салдарын барынша азайтуға (жоюға) кәсіби дайындық деңгейін арттыруға қолайлы ықпал етуде.

 

ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің

Терроризмге қарсы орталық бөлімі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1025476?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *