Түркістан облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Терроризм тұтастықты бұзатын қатер» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру» бөлімінің теолог-маманы Қ. Мырзабай қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметкерлер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, оған қарсы иммунитетті қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды таныту, ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы діни ағымдар мен секталардан сақтандыру болып табылады.
Кездесу барысында қызметкерлерге теріс діни ағымды уағыздаушылар, әлеуметтік желідегі діни экстремистік және террористік белгілері бар парақшалар мен контенттерден сақтандыру бойынша танымдық ақпараттар берілді.
Діни экстремистік және террористік ұйымдар – ғаламторды желі қолданушылардың әлі қалыптасып үлгермеген санасына ықпал ету үшін қолданады.
Мұндай әрекеттің бір қала немесе бір елмен шектелмейтіндігі белгілі.
Бұл діни экстремистік және террористік ұйымдар үшін өте маңызды.
Олардың қызметі өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауға, жаңа мүшелерді өз қатарларына тартуға, жақтастарын теориялық және практикалық тұрғыдан оқытуға және өздеріне қарсы шыққан желі қолданушыларына қарсы ақпараттық күрес жүргізуге бағытталады.
Осы орайда, теолог-маман Қ. Мырзабай халықты, әсіресе жастарды түрлі радикалды діни ұйымдардың арбауына түсіп, алданбауға шақырды.
Кездесу барысында арнайы дайындалған бейнеролик көрсетіліп, тақырыпқа байланысты ой-пікірлер ортаға салынып, тиісті жауаптар берілді.
Материал Түркістан облысы бойынша
ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1025486?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ