
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлер күніне орай білім саласының өзекті мәселелерін көтеріп жүрген бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне, сонымен қатар Министрлікке бағынысты мекемелердің баспасөз қызметкерлеріне арнайы мерекелік құттықтауын жолдады.
Оқу-ағарту министрі Ғ.Бейсембаев бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне құттықтау сөзінде «Еліміздегі маңызды оқиғаларды дер кезінде, нақты әрі шынайы түрде жеткізу – үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап етеді. Осы ретте, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын халыққа түсіндіруге және қоғамда ашық пікір алаңын қалыптастыруға қосқан ерекше үлестері үшін алғыс айта келе, мықты денсаулық, шығармашылық табыс пен сәттілік, қоғам мүддесіне қызмет етудегі жауапты еңбектің әрдайым жоғары бағалана берсін» – деген тілегін жеткізді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1025609?lang=kk
Добавить комментарий