БҚО Полиция департаментінде екінші тоқсан жұмысы қорытындыланды

Опубликовано:

Автор:

в категории

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде 2025 жылдың 2 тоқсаны бойынша жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысы бойынша кеңес өтті. Кеңеске департамент басшылығы, басқарма және қызмет басшылары, сондай-ақ полицияның жеке құрамы қатысты.

Жиында департамент бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев құрылымдардың негізгі жұмыс көрсеткіштерін атап өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде берілген тапсырмаларын жеке құрамға жеткізді.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу және қылмыстарды ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге басым бағыттар айқындалып, барлық бөлімшелерге нақты міндеттер жүктелді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1026064?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *