Талдықорған қаласының әуежайында профилактикалық іс-шара өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

Жетісу облысының терроризмге қарсы комиссиясы мен ҚР ҰҚК облыстық департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің үйлестіруімен, Талдықорған қаласындағы әуежай ғимаратында әуежай басшылығымен қызметкерлеріне терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты – әуежай қызметкерлері мен желілік полиция бөлімшелері қызметкерлерінің террористік сипаттағы жағдайлар кезінде алдын алу мен ден қою әрекеттерінің терроризмге қарсы қорғалу деңгейін күшейту.

Шара барысында қатысушыларға қауіпінің белгілері, анықталған кездегі іс-қимыл алгоритмі, күдік тудыратын заттар мен адамдар анықталған кездегі          іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Шара соңында ҚР ТҚО Штабы дайындаған оқу бейнематериалдары ұсынылды.

Сонымен қатар, жиын қатысушыларынан түрлі сұрақтар қойылып, оларға сала мамандары мен жауапты қызметкерлер тарапынан толық әрі нақты жауаптар берілді.

Бұл шара қызметкерлердің кәсіби дайындық деңгейін арттырып, терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесінің тиімділігін күшейтуге өз септігін тигізді.

 

Материал Жетісу облысының ТҚК

аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1019042?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *