
“Таза Қазақстан” Республикалық акциясы аясында аумақтарды абаттандыру мен санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында құрылған жұмысшы топпен бірге Жалағаш ауданының әкімі А.Ибраимов және Жалағаш кентінің әкімі М.Жамалатов кенттегі жүргізіліп жатқан шаралардың орындалу барысын аралап көрді.
Аудан әкімі рұқсатсыз төгілген қалдықтарды жою, жасыл желектерді күтіп-баптау, аулаларды абаттандыру және көше бойындағы көркейту жұмыстарын аралап көріп, жауапты сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді.
Сонымен қатар меншік түріне қарамастан барлық нысан иелеріне “Таза Қазақстан” науқаны аясында аумақтарды абаттандыру мен санитарлық тазалықты сақтау тәртібі түсіндірілді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1020286?lang=kk
Добавить комментарий