Проведено заседание Совета по педагогической этике Кызылординской области

Опубликовано:

Автор:

в категории
🔰 2025 жылғы 18 маусым күні Қызылорда облысының педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді.
🔰 Отырыста Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиеваның осы бағытта атқарылған жұмыстар бойынша есебі тындалды. Қармақшы ауданындағы барлық білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес құрылғандығы, педагогикалық әдеп нормалары көрнекі етіп барлық білім беру ұйымдарында орналастырылғандығы, 2025 жылы Қармақшы ауданы бойынша педагогикалық әдеп нормаларын бұзу фактілері орын алмағандығы атап көрсетілді.
🔰 Кеңес отырысында Кеңес мүшелері тарапынан Г. Абдазиеваға сұрақтар қойылып, пікірлер айтылды.
🔰 Кеңес отырысының қорытындысымен білім басқару органдарына бірқатар ұсыныстар мен тапсырмалар жолданатын болады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1019962?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *