“Келешек мектептері” – жаңа серпін!

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025 жылы 19 маусымда Теректі ауданы, Подстепный ауылындағы №2 жалпы орта білім беретін мектепте маңызды кездесу өтті.

🔹 «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында пайдалануға берілген заманауи мектептің қызметімен танысу үшін облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин жұмыс сапарымен келді.

🔹 Іс-шара аясында:
– «Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы» жобасы негізінде жаңа мектеп басшысының даму жоспарымен таныстыру;
– Шеберхана, визуалды өнер, спортзал, асхана, жазғы демалыс лагері, бастауыш сыныптар, коворкинг, робототехника, музыка кабинеттері, кітапхана, STEM зертханасы және АКТ залын аралау жоспарланған.

🎓 Сонымен қатар, салтанатты түрде:
– «Алтын белгі» иегерлері;
– «Үздік аттестат» иегерлері;
– Оқушыларға бастауышта білім берген сынып жетекшілері марапатталды.
🔸 Үздіктерге арнайы сыйлықтар табысталды.

Шараға Теректі ауданының әкімі орынбасары , Облыстық білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығының мамандары, БАҚ өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен сынып жетекшілері қатысты.
🔗 Бұл – білім сапасын арттыруға бағытталған серпінді қадам мен үздіктерді қолдау алаңы.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-bilim/press/news/details/1020522?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *