Жақында Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы болып өтті.
Аудандық Қоғамдық кеңес отырысына Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Қошалақов, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Татишов, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ:
- «Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Татишов.
- «Қармақшы ауданы бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатынаудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 20 тамыздағы № 1002 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы А.Татишов.
- «Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №232 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.
Хабарламашы: Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Ниматулла.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, талқыланып, аудандық қоғамдық кеңес тарапынан шешімдер қабылданды. Кеңес отырысы барысында «Қармақшы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің қағидаларын бекіту туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 наурыздағы № 5 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің қаулы жобасы қайта зерделеуге ұсынылды.
Күн тәртібіндегі басқа мәселелерге байланысты қаулы мен шешім жобаларына келісім берілді. Сонымен қатар бюджет жоспарлауда бюджет заңдылықтарын қатаң сақтау мен жете зерделеу қажеттілігіне назар аударылды.
ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/1019374?lang=kk
Добавить комментарий Отменить ответ