24 мамырда Шәкәрім даңғылы бойында орналасқан, халық арасында «Три богатыря» деп аталатын үйдің тұрғындарымен Семей қаласының мәслихат депутаты Молдабаев Хасен Советханович кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар аула салу, гараждарды алып тастау, жаяу жүргіншілер жолын төсеу сияқты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді. Қалалық мәслихат бұл мәселелерді шешуге ықпал етіп, тиісті органдармен бірлесіп жұмыс жүргізетін болады.
Кездесуге қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев қатысып, тұрғындар көтерген мәселелердің мән-жайын анықтап, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/semeymaslihat/press/news/details/1019041?lang=ru
Добавить комментарий Отменить ответ