23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қадірлі мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді 23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызмет – халық пен мемлекеттің мүддесіне қызмет етуді өмірлік мұрат еткен жандардың абыройлы жолы. Бұл – үлкен жауапкершілікті, адалдық пен жоғары кәсібилікті талап ететін мәртебелі міндет.

Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің, іскерлік қабілеттеріңіз бен азаматтық ұстанымдарыңыздың арқасында елімізде тұрақтылық пен өркендеудің даңғыл жолы қалыптасып келеді. Халықтың сенімі – сіздердің қызметтеріңізге берілген ең жоғары баға.

Осы айтулы күні сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін!

Құрметпен,
Қосшы қаласы мәслихатының төрағасы
Әлихан Қуатбеков

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kosshy/press/news/details/1021929?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version