ОБСУЖДЕНО ИСПОЛНЕНИЕ БЮДЖЕТА ГОРОДА ЗА 2024 ГОД

Опубликовано:

Автор:

в категории

Шымкент қаласы мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Күн тәртібінде Шымкент қаласы әкімдігінің және Шымкент қаласы тексеру комиссиясының 2024 жылғы қала бюджетінің атқарылуы туралы есептері тыңдалды.

Отырысқа аудан әкімдерінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Шымкент қаласының полиция, төтенше жағдайлар департаменттерінің және тексеру комиссиясының мүшелері қатысты.

Комиссия отырысында Шымкент қаласы қаржы басқармасының басшысы Р. Бақтыбаев, Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі А. Балқыбеков бюджеттің атқарылуы бойынша баяндама жасады.

Комиссия отырысында қала бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің атқарылуы сараланды. Депутаттар тарапынан дебиторлық және кредиторлық берешектердің қалыптасуына, шарттық міндеттемелердің уақытылы орындалмауына, бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен оларға бағынысты кәсіпорындардың қызметінде анықталған бұзушылықтар, бюджет қаражатын тиімді игермегені үшін жауапкершілікке тарту, бюджетті жоспарлау және қалыптастыру  мәселелерге қатысты сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

Комиссия тарапынан бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі қызметті жандандыру, бақылау іс-шараларының тиімділігін арттыру, өтелуге және бюджетке қалпына келтіруге жататын қаражаттың түсуін бақылауды күшейту ұсынылды.

Депутаттар тарапынан күн тәртібіндегі мәселелерді 27 мамыр күні өтетін тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау туралы шешім қабылданды.

 

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-maslihat/press/news/details/1001547?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version