«Кеш емес» – жүректерге жол тартқан монолог

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Бәйтерек ауданының “Шың” сазды-драма театрында Хадиша Бөкеева атындағы Қазақ драма театрының талантты актері Нұржігіт Амалбекұлының орындауындағы “Кеш емес” атты монолог қойылымы өтті.
Көрермендер қатарында ауданның жоғары сынып оқушылары болып, олар әсерлі де ой салатын қойылымнан ерекше әсер алды. Адам тағдыры, қателік пен кешірім, өмірдің мәні секілді терең тақырыптарды қозғайтын монолог жас ұрпақтың санасына серпіліс беріп, өмірге деген көзқарастарына ой тастады.
Қойылым соңында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ерсайынұлы Нұржігіт Амалбекұлына және театр ұжымына аудан жұртшылығы атынан алғысын білдіріп, рухани іс-шаралардың жастар тәрбиесіндегі маңыздылығына тоқталды.
Мұндай тағылымы терең қойылымдар алдағы уақытта да жалғасын табарына сенім мол.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-baiterek/press/news/details/1001703?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version